Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Нұрайды көтергендей бұл жағдайды да барынша көтерейікші! Жазықсыз қанша адам өліп жатыр. 26 пышақ жарақаты аса қатыгездікпен өлтіріп, өлі денесін зорлап, қоқысқа тастаған.

Автор:

Мен, Оңғарбаева Айдана, Сіздерден әділеттілікті орнатуға көмектесулеріңізді сұраймын. Осы істі барынша көтерулеріңізді өтінемін. Менің әпкемді аса қатыгездікпен өлтірді. Бұл істің Елбасымыз бен прокуратураның назарына жеткізілуін сұраймын⤵️

«2025 жылдың 21 шілдесі күні әпкеме хабарға шыға алмадық. Әпкем табылмаған кейін Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасына адам жоғалғаны бойынша арыз қалдырдық. Аталған қылмыс жасалғанға дейін біз полиция органдарына адам жоғалғаны туралы бірнеше мәрте жүгіндік. Тек бос сөздермен «күнде адам жоғалып жатыр», «бір жерде тығылып отыр», «гарантия береміз тірі табылады», «тек ол ғана емес жоғалып жатқан күнде адам жоғалып жатыр» деп шығарып салады. Іздеу жұмыстары дер кезінде басталмаған.

1 апта әпкем табылмағаннан кейін Бас прокуратураға арыз жаздық. Қаратау аудандық басқармасы ешқандай арызды тіркеп, қабылдамағаның білдік, арызмызды 1 апта қабылдамады. Полиция қызметкерлері осы бойынша шағымданатынымызды айтқанда «қолдарыннан келгенді жасандар, не істей аласындар», деп өзімізге қарсы шықты. Нәтижесінде 10 күн өткен соң әпкемнің мәйіті табылды.

2025 жылдың 21 шілдесі күні менің әпкем аса 26 жарақат алып, қытыгездікпен өлтірілді. Өлтіріп қана қоймай өлі денесін зорлаған. Арам ісін бітіріп болған соң, мәйітті қапқа салып, қара этиленді пакетке салып қоқысқа тастаған. Мәйіт шілденің ыстығында 10 күн қоқыста жатқан. Сонымен қатар, іс материалдарына сәйкес, жәбірленушіні өлтіргеннен кейін оның денесіне жыныстық сипаттағы әрекеттер жасалған. Алайда осы мән-жайлар сот пен тергеу тарапынан тиісті құқықтық баға алған жоқ!?» деген ауыр жазба қалдырыпты. Қоғам осы аса ауыр қылмысты да көтеріп, қылмыскердің лайықты жазасын алуына ат салысса дейді.

https://www.threads.com/@___aydoni/post/DTwcxdYiC5e?xmt=AQF0_8N-ihflSdU640R3WdWU2DN3QKnWLZS-nhpn7Qqz3vWrJv7PYJDekUkUuf-ReRHocPTY&slof=1
@актуальное

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент примет первую глобальную цифровую конференцию Центральной Азии — Global Tech Wave Central Asia

admin

«ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ» АТТЫ ТӘРБИЕЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

admin

Пікір жазу