Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

120 КІТАП – 120 РУХАНИ ШАМШЫРАҚ

23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекелік іс-шара аясында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы бірлесіп, мазмұны терең, тағылымы зор игі бастаманы жүзеге асырды.
120 дана кітап қала тұрғындары мен қонақтарына тегін таратылды.
Бұл тек кітап тарату акциясы ғана емес, әр оқырманға бағытталған рухани сый, білімге бастайтын ізгі қадам, кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайтатын маңызды бастама болды.
Таратылған кітаптар әртүрлі жанрды қамтып, оқырмандардың сұранысына сай іріктеліп ұсынылды. Әр кітап – жаңа ойға жол ашатын, танымды кеңейтетін, рухани дүниені байытатын құндылық.
Бұл игі іс Ұлттық кітап күні аясында кітаптың қоғамдағы орнын айқындап, оқырман мәдениетін дамытуға және рухани құндылықтарды кеңінен насихаттауға өз үлесін қосты.
120 кітап – 120 мүмкіндік, 120 рухани жол.
#ҰлттықКітапКүні2026
#НациональныйДеньКниги2026

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде

admin

Заңсыз айналымнан 400 мыңға жуық контрафактілік өнім алынды

admin

Олжас Бектенов Түркістан облысында электр стансасын салу жөніндегі Президент тапсырмасының жүзеге асырылу барысын тексерді

admin

Пікір жазу