Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайында жолаушыларға арналған акция өтеді

Жылы жүздесу мен бірліктің мерекесі ретінде 14 наурыз – Көрісу күніне орай, Almaty Tourism Bureau, ҚР ҰҚК Шекара қызметі және Алматы халықаралық әуежайы шетелдік қонақтарға арналған арнайы акция ұйымдастырады.
50-ден астам халықаралық рейс жолаушылары (5000-нан астам адам) Алматының басты көрікті жерлері, мәдени нысандары, көлік бағыттары мен пайдалы ақпараттары көрсетілген жолсілтемені сыйлық ретінде алады. Бұл естелік кәдесый ғана емес, бұл Алматыны аралауға арналған дайын маршрут.
Акция мерекелік көңіл-күй сыйлап, қонақжайлылықты – қазақ мәдениетінің маңызды қыры ретінде көрсетуге бағытталған.
Бастама туристік қызмет сапасын арттыруға бағытталған Best City Experience бағдарламасы аясында өтеді.
фото: ulysmedia.kz

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

admin

Түркістан облысының индустриалды аймақтарында құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр

admin

Пікір жазу