Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты.

ҚазҰУ ректоры – басқарма төрағасы Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына Инновациялық өнімдер орталығының және Farabi Hub-тың жоғары технологиялық жобаларын көрсетті.Хаб экономиканың нақты секторына инновациялық әзірлемелер енгізуді көздейтін заманауи платформа ретінде құрылған. Оның базасында креативті индустрия, жасанды интеллект пен стартап жобалары іске асырылады. Осы арқылы 300 жаңа жұмыс орны ашылып, 20 миллион доллардан астам инвестиция тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 5 МЫҢ ОРЫНДЫҚ МЕШІТ ЖЫЛ СОҢЫНДА АШЫЛАДЫ

admin

IQanat Олимпиадасы: Түркістан облысынан 251 оқушы финалға өтті!

admin

Түркістан облысында еңбек адамы бейнесін дәріптеу: іс‑шаралар мен жетістіктер

admin

Пікір жазу