Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Астанада онлайн сауда жасау негіздері бойынша жаңа тегін курсы басталады

Елордада JOLTAP жобасы аясында онлайн сауда жасау негіздері бойынша жаңа тегін курсы басталады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Курс оқытушысы Әлия Ергешпаеваның сөзінше, елордалықтар бұл мамандық түрін төрт күнде меңгере алады.
«Бүгінде онлайн сауда жақсы дамып келеді. Адамдар азық-түліктен бастап киім-кешекке дейін тапсырыс беріп, сатып алып жатыр. Мен өзім бұл салаға келмей тұрып, көп жерде жұмыс істеп көрдім. Ал онлайн маркетплейстер туралы осыдан 3 жыл бұрын естідім. Осылайша арнайы оқудан өтіп, кәсіп бастап кеттім. Әрине, бастапқыда кәсібім алға жүріп кеткен жоқ. Ол кезде онлайн сауданың қыр-сырын білетін адамдар аз болды»,- дейді ол.
Онлайн сауда негіздеріне үйрететін курста практикалық жұмыстарға аса мән берілмек. Әлия Ергешпаева қазіргі таңда курс қатысушыларын тіркеу жүргізіліп жатқанын айтты.
«Бұл курсты таңдаған жандар 4 күн бойы маркетплейсте жұмыс істеу әдістерін үйренеді. Оларға сатушы аккаунтын тіркеу, жарнама және баға белгілеу сияқты пайдалы ақпараттарды ұсынамыз. Курс соңында олар оқыған білімдері бойынша тест тапсырады. Осылайша аз уақыт ішінде тиімді сауда жасауды үйреніп алады», — дейді Әлия Ергешпаева.
Айта кетейік, JOLTAP жобасы аясындағы қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін тегін түрде қолжетімді. Оқудан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Ал түлектердің кандидатуралары JUMYSTAP.KZ атты жұмыс және қызметкерлерді іздеуге арналған сайтта тегін жарнамаланатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

«Келешек» бағдарламасы: мемлекеттен алғашқы төлемдер жүргізілді

admin

Түркістан облысында полиция 1700-ден астам құқық бұзушылықтың жолын кесті

admin

ҚР Парламенті Сенаты №131 Конвенцияны ратификациялады және Қазақстан азаматтарын Қатарда жұмысқа орналастыру келісімін бекітті

admin

Пікір жазу