Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
АймақБасты ақпарат

Түркістан: әкімдер мен басқарма басшыларының жұмысын бағалайтын жүйені енгізу жолдары пысықталды

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қызметінің тиімділігін бағалайтын 86 индикатор әзірленді. Индикаторлардың маңыздылығы ескеріліп, ол 9 блокқа жіктелді. Индикаторлардың 77-сі салалық басқармалар тарапынан ұсынылған болса, қалған 9 индикатор облыс әкімі аппаратының ұсынысы бойынша енгізілген. Осы арқылы аймақта басшылар мен мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жандандыру, белсенділігін арттырып, нақты индикаторларға қол жеткізу көзделіп отыр. Облыс әкімі аталған бағалау жүйесін тағы да бір зерделеп, толықтырып, айналымға енгізуді тапсырды.
– Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының жұмыстары енді осы көрсеткіштердің орындалуы арқылы бағаланады. Оны орындау бойынша нақты іс-шара жоспарларын бекітуді тапсырамын. 2025 жылға белгіленген көрсеткіштердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажет. Бекітілген жоспардың орындалуы бойынша соңғы 3 орында тұрған аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының жауапкершілігі қаралады. Ал үздік үштіктегілерді ынталандыру жолдары жүйеленеді, – деді Нұралхан Көшеров.
Мәжілісте Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек бағалау жүйесі бойынша баяндама жасап, индикаторлар саны көбейіп, 86-ға жеткенін мәлімдеді. Барлық индикатордың өзіне тән есептеу әдістемесі бар. Егер жоспар орындалмаса, ұпай шегеріледі, ал асыра орындалған жағдайда ұпай беріледі. Бағалау жүйесіне енген Экономикалық даму блогы ай сайын есептелетін болса, қалған 8 блок бойынша аудан қала әкімдерінің рейтингі тоқсан сайын шығарылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қытайдың жаһандық бастамасы жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңеске қатысты

admin

«Нөлдік төзімділік» саясаты: Түркістан өңіріндегі қоғамдық тәртіпті нығайту тәжірибесі

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ҚҰРМЕТ» АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

admin

Пікір жазу