Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Аймақ

Түркістан: Ордабасы аудандық орталық ауруханасында МӘМС шеңберінде күрделі оталар жасалуда

Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы Аудандық орталық ауруханасында 70 жасар пациентке жамбас буынын эндопротездеу отасы жасалды.
Науқас 25 ақпан күні тұрмыстық жарақат алып, жедел жәрдем бригадасымен аурухананың қабылдау бөліміне келіп түскен. Дәрігерлер қарауынан кейін жоспарлы түрде 2025 жылдың 1 наурыз күні оң жақ жамбас буынына цементпен биполярлы имплантпен эндопротез отасы жасалды. Ота сәтті өтті. Бүгінгі күнде науқастың жағдайы бірқалыпты.
Бұл жоғары технологиялық операция түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүргізілді.
Қазіргі таңда Ордабасы аудандық орталық ауруханасында травматологиялық көмектің барлық әдісін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен тегін алуға мүмкіндік бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Инновациялық Наурыз: робот-көкпар, дрондар және цифрлық жобалар мерекеге жаңа сипат берді

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ДАМУ» ҚОРЫ АРҚЫЛЫ 200-ДЕН АСТАМ АЗАМАТ ӨЗ КӘСІБІН БАСТАДЫ

admin

Түркістан: Төлебиде 200-ден астам анаға сый-құрмет көрсетті

admin

Пікір жазу