Балалар — біздің егемен еліміздің ертеңі. Қазіргі сәтте ішімдіктердің жәнеде басқа да жағдайлардың әсерінен балаларға зорлық көрсету жағдайлары орын алуда. Негізінен
тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары бала өміріне үлкен нұқсан әкелуі мүмкін. Қазіргі таңда осы жайттардың алдын алу бойынша үлкен жұмыстар атқарылу үстінде.
Ағымдағы жылы полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түскен.Бүгінде елімізде осындай зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 69 орталық жұмыс істейді, оған жыл басынан бері 5 мыңнан аса әйел адам көмекке жүгінген, оның 4 мыңғы жуығы балалары бар аналар.Осыорталықтардың және құқық қорғау оргондарының нәтижесінде соңғы жылдары әйелдер құқығына қол сұғатын қылмыстар саны екі есеге азайған.
2024 жылғы 16 маусымда тұрмыстық зорлық зомбылыққа қатысты жаңа заң күшіне енген болатын. Енгізілген өзгерістер әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуге бағытталған. Мәселен кәмелет жасқа толмаған балаларды зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру, ал өз-өзіне суицид жасауға және қорлауға итермелегендерге қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
