Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БІР МЕЗЕТТЕ 1 МЫҢ БАЛА АСЫҚ ОЙНАП, ТАРИХИ РЕКОРД ТІРКЕЛДІ

Наурызнаманың онкүндігі аясындағы «Ұлттық спорт» күні қарсаңында Түркістанда тарихи нәтиже тіркелді. Бір мезетте 1 мыңнан астам бала асық ойнап, Қазақстанның «КИнЭС» рекордтар кітабына енді.
Салтанатты жиынға Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ «ZIGI ZAGI» отандық өнімінің өкілі, белгілі блогер Олжасхан Қайрат қатысып, көпшілікке ізгі тілектерін жеткізді.
Шара барысында Қазақстанның «КИнЭС» рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков арнайы сертификатты табыстап, тарихи жетістікті ресми түрде растады.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

admin

Орман-дала алқаптарын өрттен қорғайық

admin

Казахстан укрепляет позиции на мировой туристической карте

admin

Пікір жазу