Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түлкібас ауданындағы Мәдениет үйінде «Мансап орталығының» ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарды қолдау мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жұмыссыздықты азайту, тұрғындарды еңбекке тарту және жастарды қолдау. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жәрмеңкеде жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамтуға басымдық берілді.

Ауқымды шараға аудан бойынша түрлі саладағы мекемелер мен кәсіпорындар қатысып, тұрғындарға өздеріндегі ашық вакансиялар туралы ақпарат ұсынды. Жәрмеңке барысында азаматтар жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысты.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар аясында қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған тұрғындар өз өнімдерінің көрмесін ұйымдастырып, тауарларын көтерме бағамен ұсынды.

Маңызды шараға аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев арнайы қатысып, өз кәсібін өркендетіп отырған азаматтардың жұмысымен танысты. Олар тұрғындарға табыс пен табандылық тілеп, жастарды белсенді еңбек етуге шақырды.

Жәрмеңке аясында 25 жұмыс беруші мекеме мен кәсіпорын 100-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды.

Айта кетейік, бүгінде Түлкібас ауданында 30 мыңнан астам жас болса, соның ішінде 900-ге жуық адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Осындай іс-шаралар жастардың еңбек нарығына бейімделуіне және тұрақты табыс көзін табуына зор мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам ауданында өндірісті дамыту: 44 млрд теңгеге жуық 20-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады

admin

ОТЫРАРДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

admin

«Еңбек адамы – қоғамның тірегі, өңірдің өркендеуінің кепілі»

admin

Пікір жазу