Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр

Түркістан облысында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр. Бұл рейдтердің басты мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол ережесін бұзушыларды анықтау.

Іс-шараларға облыстық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі және патрульдік полиция экипаждары жұмылдырылды. Рейдтер Жетісай, Мақтаарал, Қазығұрт, Арыс, Ордабасы, Төлеби, Сайрам, Сарыағаш және басқа да аудандарда өтті.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары 334 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады. Арнайы айыптұраққа 45 автокөлік қойылды, оның ішінде екі транзиттік көлік пен екі автобус бар. Сондай-ақ екі жүргізушінің көлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны белгілі болды.

Жиі кездесетін құқық бұзушылықтар қатарында:

жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу;

маневр жасау тәртібін сақтамау;

жылдамдықты арттыру;

көлік жүргізу кезінде құжаттардың болмауы;

техникалық байқаудан өтпеу;

қауіпсіздік белдігін тақпау бар.

Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай рейдтер жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру және жолдағы тәртіпті нығайту мақсатында тұрақты түрде өткізіліп отырады.

– Әрбір жүргізуші жолда қауіпсіздік ережелерін сақтап, басқа қатысушыларға құрметпен қарауы тиіс. Бұл – өз өмірі мен өзгенің өмірін қорғаудың ең тиімді жолы, – деді Түркістан облысы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының өкілдері.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды жолда мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

admin

Рейтинг МВФ: крупнейшие экономики мира в 2026 году

admin

Нұрайды көтергендей бұл жағдайды да барынша көтерейікші! Жазықсыз қанша адам өліп жатыр. 26 пышақ жарақаты аса қатыгездікпен өлтіріп, өлі денесін зорлап, қоқысқа тастаған.

admin

Пікір жазу