Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ЕЛ ДАМУЫ» ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Жалпыұлттық құндылық – ел дамуы» жобасы өз мәресіне жетті.

Жоба 2026 жылдың 30 наурызы мен 30 мамыры аралығында облыстың 17 аудан-қаласында жүзеге асырылып, 3800 азаматты қамтыды.

Жоба аясында тарих, тағылым, салт-дәстүр және отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған 4 аймақтық дөңгелек үстел, 17 аудан мен қалада «Ұлттық құндылықтар» апталығы, «Менің елім – менің құндылығым» облыстық эссе байқауы және облыстық «Әкелер мектебі» байқауы ұйымдастырылды.

«Ұлттық құндылықтар» апталығының қорытындысы бойынша:
І орын – Созақ ауданы (200 000 теңге);
ІІ орын – Арыс қаласы (150 000 теңге);
ІІІ орын – Сауран ауданы (100 000 теңге).
Қалған қатысушы аудан-қалаларға 50 000 теңгеден ынталандыру сыйлығы табысталды.

«Менің елім – менің құндылығым» эссе байқауының жеңімпаздары:

Айдаров Әбдіғаппар (Шардара ауданы) – 200 000 теңге;
Балтабаева Күлсара (Сауран ауданы) – 150 000 теңге;
Түймебеков Дәурен (Төлеби ауданы) – 100 000 теңге.

Облыстық «Әкелер мектебі» байқауының жеңімпаздары:
Байжұма Бақытжан Кәденұлы (Түлкібас ауданы) – 200 000 теңге;
Қоспаев Қажымұхан (Мақтаарал ауданы) – 150 000 теңге;
Дүйсен Ерғали (Созақ ауданы) – 100 000 теңге.

Жоба ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту, салт-дәстүр сабақтастығын сақтау және жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру бағытында маңызды жұмыстар атқарды.

#ТүркістанОблысы #ЖалпыұлттықҚұндылық #ЕлДамуы #Шаңырақ #ӘкелерМектебі #ҰлттықҚұндылықтар

Ұқсас жаңалықтар

Президент бапкерлерге, демеушілерге, дәрігерлерге және параспортшылармен жұмыс істейтін барша маманға ризашылығын білдірді

admin

Жетісай ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел‑профилактикалық іс‑шарасы

admin

20 наурыз- Ұлттық спорт күні

admin

Пікір жазу