Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ КІТАП КӨРМЕСІ МЕН ҚОЛӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысында референдум күні дауыс беруге келген тұрғындар үшін бірқатар учаскелерде кітап көрмесі мен қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тұрғындарға ерекше рухани әрі мәдени атмосфера қалыптастыру.

Жәрмеңкеде қазақы нақыштағы ағаш және тоқыма бұйымдары, ұлттық қолөнер туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, киіз үй маңына құрақ көрпелер төселіп, ұлттық нақыштағы безендірулер келушілерге ерекше әсер сыйлады.

Ал кітап көрмесінде ел тарихы, мәдениеті мен рухани мұрасына арналған түрлі әдебиеттер қойылып, дауыс беруге келген азаматтардың қызығушылығын арттырды.

Айта кетейік, Түркістан облысында 947 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Өңірде 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл облыс халқының 55,4 пайызын құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Оқушылар полиция ғимаратына экскурсия жасады

admin

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АРНАЙЫ ФОТОАЙМАҚТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

admin

МАҚТААРАЛДА ОРТАЛЫҚ БАЗАР АУМАҒЫНА РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

admin

Пікір жазу