Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Оқушылар полиция ғимаратына экскурсия жасады

Түркістан қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметкерлері ішкі істер органдарының есебінде тұрған балаларға ата-аналарының рұқсатымен қалалық полиция ғимаратында экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия барысында жасөспірімдер уақытша ұстау изоляторы мен әкімшілік қамау орындарын аралап, олардың қызметімен танысты. Полицейлер балаларға заң мен тәртіпті сақтау, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және құқық бұзушылықтың салдары туралы жан-жақты түсіндірді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, ойланбай жасалған іс-әрекеттердің зардабын көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыру.

Полицейлер жасөспірімдерге әрбір қадамды ойланып жасау қажеттігін айтып, олардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, жыл басынан бері түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарының есебіне 130-ға жуық кәмелетке толмаған жасөспірім тіркелген. Қазіргі таңда олармен тәрбиелік және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

«Астана Операда» эстон музыкасының концерті өтті

admin

PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

admin

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтіп жатыр

admin

Пікір жазу