Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АРНАЙЫ ФОТОАЙМАҚТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысында референдум күні сайлау учаскелерінде арнайы фотоаймақтар ұйымдастырылған. Онда дауыс берушілер өз таңдауларын жасап қана қоймай, саяси науқаннан естелік суреттерге түсуге де мүмкіндік алып отыр.

«Ел ертеңі үшін аса маңызды саяси науқаннан естелік қалуы тиіс. Бұл күн тарихта қалары сөзсіз. Ал, осындай маңызды күннен жақсы естелік қалуы үшін жасалға фотоаймақ ерекше көңіл-күй сыйлады» — дейді Түркістан қаласының тұрғыны Гүлнар Қожахметова.

Айта кетейік, Түркістан облысында 15 наурыз күні сағат таңғы 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.

Ұқсас жаңалықтар

«Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Саурықовтың Премьер-Министр Олжас Бектеновке геопарктерге қатысты жолдаған депутаттық сауалы

admin

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі нейрожелілер: Бас Прокурор Берік Асылов жасанды интеллект саласындағы әлемдік сарапшы Кай-Фу Лимен кездесті

admin

Astana Half Marathon 2026 шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты

admin

Пікір жазу