Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қатынасын қамтамасыз ету мақсатында автомобиль жолдарын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме – «Сарбаз Қуат» ЖШС Сауран ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-60 «Түркістан – Кентау – Еңбекші – Дихан» автомобиль жолының 0-4 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, нысанды пайдалануға берді. Жаңа жол көлік ағынының өткізу қабілетін арттырып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы инфрақұрылым қалыптастырады.
Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, ұзындығы 4 шақырым жол толықтай ресайклер технологиясы арқылы жаңартылып, екі қабатты асфальт-бетон жабыны төселді. Сонымен қатар, елді мекен аумағында жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салынды. Жол бойындағы білім беру ұйымдарының маңына оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды жол кедергілері орнатылды.
Айта кетейік, Түркістан облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 692 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары – 678 шақырым болса, оның 95 пайызы жақсы жағдайда. Облыстық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 3 983,3 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар – 1 726 шақырым. Бұл жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі – 94,8 пайыз. Ал елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 11 305 шақырымды құрайды, олардың 74 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.
2026 жылы облыста автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 35,5 млрд теңге бөлініп, жалпы 224 нысанда 1 138,1 шақырым жол құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Жыл қорытындысы бойынша 103 нысаннан тұратын 445,2 шақырым жол пайдалануға беріледі. Аудандық маңызы бар жолдар бойынша 18 нысанда жалпы 119 шақырым жолға құрылыс, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін аталған 18 нысанның барлығы толық пайдалануға беріледі. Елді мекен көшелерін жаңғырту мақсатында 184 нысан (454 көше) бойынша жалпы 776,5 шақырым көшеде жөндеу жұмыстары атқарылуда. Оның ішінде жыл қорытындысына дейін 72 нысан (76 көше) бойынша 240,7 шақырым жол пайдалануға беріледі.
Жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылдың қорытындысында Түркістан облысындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 96 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

admin

«Халық бухгалтері» акциясы

admin

Экологическая солидарность как основа стабильности и единства региона

admin

Пікір жазу