Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев облыс тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтар еңбек дауы, жұмыссыздық, инфрақұрылымды жақсарту, ауыз су, жарықтандыру және өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Әрбір тұрғынның өтініші мұқият тыңдалып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Бірқатар мәселелер сол жерде шешімін тапты, ал қосымша зерттеуді қажет ететін өтініштер бақылауға алынды.
Еркебұлан Дауылбаев азаматтардың өтініштерін қарау және олармен ашық диалог орнату – мемлекеттік органдардың басты басымдығы екенін атап өтті. Сонымен қатар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған барлық ұсыныстардың ескерілетініне тоқталды.
Түркістан облысы әкімдігі алдағы уақытта да азаматтарды қабылдау және халықтың өтініштерін қарау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады. Жеке қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Референдум явился важным шагом на пути дальнейшего развития демократических процессов в Республике Казахстан — наблюдатели ШОС

admin

Түркістан қаласында жекеленген-жаттықтыру оқу-жаттығуын өткізу туралы

admin

Глава государства провел встречу с Президентом Таджикистана Эмомали Рахмоном

admin

Пікір жазу