Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 101 ЖАСТАҒЫ АНАР ТЛЕШОВА РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Қазығұрт ауданындағы №280 референдум учаскесіне 101 жасқа келген Анар Тлешова өз отбасымен бірге келіп, дауыс берді. Ол еңбек және тыл ардагері. Ғасыр жасаған әженің дауыс беруге арнайы келуі — кейінгі ұрпаққа үлгі. Анар апаның ұлы Нұрашбек Әлішев пен келіні Зарипа Байдүйсенованың шаңырақ көтергендеріне 50 жыл болған. Бүгінде берекелі әулетке айналған отбасы үлкеннің батасын алып, саяси науқанға белсенді қатысып отыр.
Айта кетсек, Қазығұрт ауданы бойынша республикалық референдумға арналған 60 дауыс беру учаскесі бар. Жалпы Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум комиссиясының сағат 16:00-дегі мәліметі бойынша облыс халқының 72,39%-ы дауыс берген. Сонымен қатар, облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең. Сондай-ақ, республикалық референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 380 комиссия мүшелері тартылған. Оның ішінде 1 – облыстық (7 мүше), 17 аумақтық (119 мүше) және 948 учаскелік референдум комиссиялары (6 254 мүше).

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда 226 мыңнан астам кітап қоры бар заманауи балалар кітапханасы ашылды

admin

ТҮРКІСТАНДА 300-ГЕ ЖУЫҚ КОМПАНИЯ ҚАТЫСҚАН «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» ӨТІП ЖАТЫР

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 120 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

admin

Пікір жазу