Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібаста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары өткізілуде

Түлкібас ауданының прокуроры Қожабеков Ержан Базарбекұлының бастамасымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты және «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, аудан аумағындағы білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілуде.

Кездесулер барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы әзірлеген әдістемелік материалдар қатысушыларға таныстырылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

#заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

Threads-тегі жалған ақпарат: Астанада күдікті ұсталды

admin

1 мамыр-халқымыздың бірлігі күні

admin

Хусейн Хасанұлы – ұзақ жылдар этнос жастарын ынтымаққа ұйыстырған басшы

admin

Пікір жазу