Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Тоқаев Өзбекстан Президентімен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты .

Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды. Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.

Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.

Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар. Еске сала кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды

Ұқсас жаңалықтар

ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАЛАР МЕН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

admin

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады

admin

Созақ ауданында жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша 4 жақты серіктестік меморандумына қол қойылды

admin

Пікір жазу