Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Сталкинг – жеке шекараға қол сұғу: қауіпсіздік пен заң талаптарын сақтау маңызды.

Сталкинг — адамның еркінен тыс ізіне түсу, аңду, қудалау немесе қажетсіз байланыс орнатуға тырысу. Қазақстан Республикасында бұл әрекет қылмыс деп танылып, заң жүзінде қатаң жазаланады. Құқық бұзушыларға айыппұл салынып, қамауға алынады, ал жазаны одан әрі күшейту мәселесі көтерілуде.

         Сталкинг көбінесе бейкүнә «көңіл аудару» сияқты көрінгенімен, іс жүзінде жәбірленушіні үрейлендіруге, оның жеке өміріне қол сұғуға және психологиялық қысым жасауға бағытталған әрекет. Оған мыналар жатады:

— Үнемі аңду, жұмыс немесе үй маңында торуылдау;

— Тыйым салынғанына қарамастан үздіксіз қоңырау шалу, хат жазу немесе әлеуметтік желілерде мазалау;

— Жәбірленушінің артынан аңдып, жеке өмірі туралы ақпарат жинау;

— Сыйлықтарды немесе заттарды мәжбүрлеп жіберу.

         2026 жылдың 5 айында Түркістан облысында сталкинг жасау жәйіті бойынша 10 қылмыстық іс тіркелген.

Қала және аудандарға бөлгенде келесідей көрінеді: Түркістан қаласында — 4, Шардара ауданында — 2, Жетісай, Қазығұрт, Келес, Сарыағаш аудандарында — 1 оқиғадан тіркелген.

Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігі ең алдымен заң талаптарының сақталуына байланысты. Әр адамның жеке өмірі, ар-намысы мен қауіпсіздігі заңмен қорғалады.

Құқықтық тәртіпті сақтау — тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әр азаматтың ортақ міндеті. Бір адамның екінші адамның еркіндігіне, жеке кеңістігіне және құқығына құрметпен қарауы — мәдениетті қоғамның басты белгісі.

Түркістан облысында құқық қорғау органдары азаматтардың арыз-шағымдарын қарастырып, қауіптің алдын алу бағытында жұмыстар жүргізуде. Сталкингке тап болған азаматтар болған жағдайларды жасырмай, дер кезінде тиісті органдарға хабарлауы қажет. Себебі заң бұзушылыққа көз жұму — мәселенің одан әрі күрделенуіне әкелуі мүмкін.

Құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және тәртіпке бағыну — қауіпсіз ортаны қалыптастырудың маңызды қадамдары.

Егер сіз немесе жақыныңыз сталкинг құрбаны болсаңыз, келесіні жасаған маңызды: барлық дәлелдерді сақтаңыз; хат алмасулардың скриншоттарын сақтап қойыңыз; сталкерді бұғаттаңыз; жақындарыңызға айтып, міндетті түрде 102 немесе 111 байланыс нөміріне хабарласыңыз.

Құрметті азаматтар жеке қауіпсіздігіңізге немқұрайлы қарамаңыз. Егер сізді біреу үнемі бақылап, мазалап, қорқыныш немесе қысым сезімін тудырса, бұл жағдайды елемеуге болмайды.

Заңды сақтау, тәртіпті құрметтеу және бір-біріміздің жеке кеңістігімізге жауапкершілікпен қарау — қауіпсіз әрі тыныш қоғамның кепілі.

Қазақстан Республикасы

                                                              Бас прокуратурасының

                                                              Құқықтық статистика және

                                                              арнайы еспке алу жөніндегі

                                                                        комитетінің Түркістан облысы

                                                                        бойынша департаменті

 

#Заң мен Тәртіп#

#Закон и Порядок#

Ұқсас жаңалықтар

САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АШЫҚ ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin

Қаржылық сауаттылықты арттыру – еліміздің тұрақты дамуы

admin

Референдум нәтижелері Қазақстан халқының өз елінің конституциялық болашағын қалыптастыруға белсенді қатысып отырғанын көрсетеді – ИЫҰ бақылаушылары

admin

Пікір жазу