Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Мақтаарал ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызметтерді алу бойынша азаматтардың заңды құқықтары мен мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында «Қызмет алушылар күні» іс-шараларын ұйымдастыру ұсынылған болатын.

Осыған сәйкес, 2025 жылғы 14 қазан күні сағат 11:00-де Мақтаарал аудандық дербес бөлімдерінің ғимаратында орналасқан фронт-офисте (Мадиходжаев көшесі, 28 үй) «Жер учаскесін рәсімдеу, ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау және салу» тақырыбында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мен жер қатынастары бөлімі қызметкерлері тұрғындардың қойған сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, кеңес беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын нығайтуға және тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты қалыптастыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Енді теріске шығару мәлімдемелерінің жиынтығы бейнеформатта да қолжетімді.

admin

ТҮРКІСТАНДА 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

admin

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИКТАНТ ӨТУДЕ

admin

Пікір жазу