Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Мақтаарал ауданында қоғамдық тұрақтылық пен балалардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

2025 жылғы 6 қазанда Түркістан облысы прокурорының орынбасары Даулет Бекбашұлы Тлемисовтың төрағалығымен Мақтаарал ауданында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және «Қауіпсіз балалық шақ» жобасының іске асырылу барысы бойынша жиын өтті.

Кеңеске ауданның жергілікті атқарушы органдарының, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Іс-шара барысында өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты сақтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу мәселелері қаралды.

Жиын қорытындысымен жергілікті атқарушы, құқық қорғау және арнайы органдарға нақты хаттамалық тапсырмалар беріліп, профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттілігі атап өтілді.

#заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібаста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары өткізілуде

admin

Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

admin

«МҰРАГЕР» БЕЙБІТШІЛІК ШАРТЫ ӘСКЕРИ КҮШТЕРІ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

admin

Пікір жазу