Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы

Құрметті жұмыс берушілер! ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы, 2-тармағы,
15) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші: жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. Бұл жөнінде, Сіздерге enbek.kz порталы арқылы хабарламалар жіберілген.
Осы орайда, Сіздерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасуға шақырамыз! Себебі, 2026 жылдың бірінші тоқсанында аталған сақтандыру шартын жасамаған кәсіпорындарға тексеру жүргізу жоспарлануда.
ЕСКЕРТУ! ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талабына сәйкес, міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасаспауы мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне (4 325 000 теңгеге) дейін айыппұл салуға әкеп соғады (2026 жылы 1 АЕК 4 325 теңгеге тең).
Қызметкерлерді уақытылы сақтандыру — еңбек заңнамасын сақтау ғана емес, олардың құқықтары мен денсаулығын қорғауға бағытталған әлеуметтік жауапкершілік екенін назарларыңызға жеткіземіз.
Аталған сақтандыру түрін уақытылы рәсімдеу еңбек заңнамасының талаптарын орындауға, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және жұмыс берушінің заң алдындағы жауапкершілігін төмендетуге сеп

Ұқсас жаңалықтар

РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

admin

Шымкентте Жеңіс күніне орай гала-концерт өтті

admin

Бүгін, мамырдың екінші жексенбісінде, Қазақстан Аналар күнін атап өтуде. Биыл айтулы мереке 10 мамырға сәйкес келді.

admin

Пікір жазу