Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев:

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Ең алдымен баршаңызға медицина қызметкері күні құтты болсын деймін.

Өткен жылы біз ардақты кәсіп иелері – медицина мамандарын алғаш рет Ақордаға шақырып, құрмет көрсеттік. Биыл да игі дәстүрге сай өздеріңізді осы жерде көргеніме өте ризамын.

Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деген тағылымды сөзге ерекше мән берген. Ұлт саулығы – еліміз үшін бәрінен қымбат құндылық. Сондықтан медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті саналады. Осы орайда, дәрігердің ел өміріндегі орны айрықша екені сөзсіз.

Шын мәнінде, денсаулық сақтау саласында қоғам игілігі үшін адал қызмет етіп жүрген әр қызметкердің еңбегі ерен.

Халқымыз сіздерді ең қадірлі мамандық иесі ретінде сыйлайды және құрметтейді. Түптеп келгенде, медицина мамандары еліміздің басты байлығы – азаматтарымыздың денсаулығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді.

Мен Мемлекет басшысы ретінде осы салада табанды еңбек етіп жүрген барша қызметкерге шынайы ризашылығымды білдіремін».

Ұқсас жаңалықтар

Ұлы даланың тарихы: «Алтын Орда» көрмесінен тағылым

admin

Түркістан облысында бала құқығын қорғау бағытында профилактикалық жұмыстар күшейтілді

admin

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ТҮРКІСТАНДА «БІЛІМДІ ЖАСТАР – ЕЛ ЕРТЕҢІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КӨШБАСШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

admin

Пікір жазу