Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Құрметті салық төлеушілер!

Мемлекеттік кірістер комитеті «Салық есептілігін өңдеу сервистері» (СЕӨС) ақпараттық жүйесі мен Салық төлеушінің ескі кабинетінің (бұдан әрі – ескі СТК) толық өшірілуіне байланысты салық есептілігі нысандарын кезең-кезеңімен өшіру жоспарланғаны жайлы хабарлайды.
1. 2026 жылғы 26 наурыздан бастап СЕӨС-де және ескі СТК-де келесі СЕН-дары өшіріледі:
1) 200.00 СЕН – Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
2) 200.03 СЕН – Құрылымдық бөлімшелері бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша;
3) 300.00 СЕН – Қосылған құн салығы бойынша декларация;
4) 400.00 СЕН – Акциз бойынша декларация;
5) 421.00 СЕН – Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебінің нысаны;
6) 860.00 – СЕН – Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация;
7) 870.00 СЕН – Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы бойынша декларация;
910 СЕН – Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация.
🔹2. 2026 жылғы 2 сәуірден бастап СЕӨС-де және ескі СТК-де келесі СЕН-дары өшіріледі:
1) 220.00 СЕН –Жеке табыс салығы бойынша декларация;
2) 328.00 СЕН – Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
3) 700.00 СЕН – Көлік құралы салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация;
4) 920.00 СЕН – Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация.
🔹СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.
Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары ондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.

Ұқсас жаңалықтар

Ағымдағы жылдың басынан бері 21,5 мыңнан астам адам жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастырылды

admin

​ТҮРКІСТАН: Мақтааралда «Таза Қазақстан» акциясы аясында кәсіпкерлік нысандарда түсіндірк жұмыстары жалғасуда

admin

2026 жылғы 24 маусымда Түркістан облысы, Түркістан қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабымен жекеленген жаттықтыру өткізу жоспарлануда.

admin

Пікір жазу