Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Құқық қорғау органдары академиясына жаңа ректор тағайындалды – Нұрғалым Әбдіров

Құқық қорғау органдары Академиясының ұжымына жаңа ректор – 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, PhD докторы Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіровті таныстырдым. Ол – өңірлерде және Бас прокуратурада басшылық қызметтер атқарған тәжірибелі прокурор.
Академия алдына маңызды міндеттер қойдым:
– білім беру бағдарламаларын жасанды интеллектке басымдық бере отырып жаңғырту;
– жасанды интеллектті тиімді қолданып, киберқылмыспен және басқа да заманауи қатерлермен күресуге қабілетті сертификатталған прокурорлар мен өзге де құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлау;
– ғылыми зерттеулердің қолданбалы сипатын күшейту;
– Академияның ғылыми басылымдарының халықаралық беделге ие болуын қамтамасыз ету;
– курсанттардың жеке қасиеттерін – тәртіптілікті, қызмет пен мемлекетке адалдықты тәрбиелеуге назар аудару;
– шетелдік бейінді білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейту.
Бірлесіп Академияны прокуратура мен құқық қорғау органдары үшін кадрлар мен ғылым даярлаудың орталығы ретінде нығайтатынымызға сенімдімін.
Бас Прокурор Б.Асылов

Ұқсас жаңалықтар

Президент: Жұмыстың жаманы болмайды, адал жұмыстан ұялудың ешқандай қажеті жоқ. Еңбектің бәрі қадірлі!

admin

«Заң және тәртіп» – Түркістан қаласының тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізі

admin

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін табыстады

admin

Пікір жазу