Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз!

Төлеби аудандық полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің Ювеналды полиция тобымен, ауданымыздың демалыс аймағы Біркөлік ауылында орналасқан коттедждер мен демалыс орындарында профилактикалық рейдтік іс-шаралары жүргізілді.
Іс-шара барысында жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз демалуы және жұмыс істеу деректері анықталды.
Заң талаптарын бұзған кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылды. Атап айтқанда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442 бабы «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бабымен — 15 құқық бұзушылық, «Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру» бабымен — 3 құқық бұзушылық анықталды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз!
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК

Ұқсас жаңалықтар

Қоршаған ортаны ластағаны үшін 10 АЕК (43 250) қайталанса 20 АЕК (86 500) айыппұл қарастырылған

admin

8 жылда Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 3 есеге өсіп, 5 трлн теңгеге жетті

admin

Табиғатты бірге көркейтеміз

admin

Пікір жазу