Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

КЕНТАУДА ЖАҢА ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының Кентау қаласында газ қазандықтарын өндіретін жаңа зауыт жұмысын бастады. Жобаға «TURAN Shenhua» ЖШС 2,4 млрд теңге инвестиция салған. Кәсіпорынның аумағы – 2500 шаршы метр. Жылдық қуаттылығы – 30 мың дана газ қазандығы. Өндіріс іске қосылуымен 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Зауыттың ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысып, жобаның өңір экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының инвестор тарту және шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында өңірде бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Кентау қаласындағы арнайы экономикалық аймақта қазіргі уақытта екі жоба іске асқан: «KentauRedStar» кірпіш зауыты және «Темір бетон» ЖШС. Биыл тағы 5 жоба іске қосылып, 150 жаңа жұмыс орны ашылады. Индустриалды аймақта жалпы 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, олардың нәтижесінде 309 жұмыс орны құрылмақ.

Өңірде инвесторларды тарту және өндіріс көлемін арттыру жұмыстары жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

САЙРАМДА ҒАСЫР ЖАСАҒАН МАЙДАНГЕРГЕ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin

Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы абаттандыру мен жайлы қоғамдық кеңістіктер құру мәселесіне ерекше назар аударды.

admin

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, АҚЫН АЙДАР СЕЙДАЗЫМ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

admin

Пікір жазу