Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ: ТҮНГІ РЕЙДТЕР АЯСЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруін болдырмау мақсатында Жаушықұм ауылдық округінде түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Рейд барысында полиция қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының мамандары ауыл аумағындағы қоғамдық орындар мен ойын-сауық нысандарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар жеке кәсіпкерлерге түнгі сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерінсіз ғимаратқа кіргізуге жол берілмейтіні, сондай-ақ темекі бұйымдары мен спиртті ішімдіктерді сатуға қатаң тыйым салынатыны түсіндірілді.

Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты — жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәртіп бұзушылықтың алдын алу, және олардың бос уақытын тиімді өткізуге бағыттау болып табылады.

🔹 Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Қауіпсіз қоғам» қағидатын іске асыру аясында мұндай профилактикалық рейдтер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қауіпсіз қоғам үшін: “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы

admin

Түркістан облысында полицейлер 2 мыңнан астам оқушымен кездесті

admin

ҚАЗАҚСТАНДА КҮТІЛЕТІН ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ ТАРИХИ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ

admin

Пікір жазу