Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет инфляцияны төмендету шараларын бақылауды қамтамасыз етеді

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жаңа Конституцияны жүзеге асыру шараларын талқылау шеңберінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі міндеттерге назар аударды.

«Күні кеше Парламент палаталарының қорытынды бірлескен отырысында Мемлекет басшысы барлық реформаның басты мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті. Биыл инфляцияны 10%-дан төмен деңгейде ұстап тұру орнықты экономикалық өсімге жол ашатын маңызды фактор болып отыр. Оған қол жеткізу үшін тиісті құралдар бар. Жұмыс Ұлттық банкпен үйлестіріле отырып, жүргізілуге тиіс. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына Макроэкономикалық тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын, сондай-ақ Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы жүзеге асыруды қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Отандық өндіріске қолдау көрсету, нарықты тауарлармен қамтамасыз ету, сақтау инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту шараларын, сондай-ақ баға саясатын реттеу және “Инвестицияларға тапсырыс беру” құралдарын толық жүзеге асыруды жалғастыру қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін ескере отырып, теңгерімді тарифтік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Отырар ауданында қоғамдық тұрақтылық пен «Қауіпсіз балалық шақ» мәселелері талқыланды

admin

МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТҰТАСТЫҒЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ САБАҚТАСТЫҒЫ

admin

Премьер Индии Нарендра Моди призвал индийцев на год отказаться от покупки золота для свадеб и сократить импортное потребление ради экономии валютных резервов.

admin

Пікір жазу