Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

«ЭкоШина»: экологияға үлес қосқан өндіріс

«Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан «ЭкоШина» кәсіпорны пайдаланылған автокөлік шиналары мен резеңке түтіктерін қайта өңдеу арқылы резеңке ұнтағын өндірумен және өткізумен айналысады. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 1400 тонна резеңке ұнтағын, 1800 тонна пиролиз майын, 400 тонна техникалық көміртек пен металл сымын шығаруға мүмкіндік береді.

Өндірісте 36 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткіш өңірдегі еңбек нарығын қолдауға және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етіп отыр.

«ЭкоШина» жобасы өңір экономикасының дамуына, экологиялық жағдайдың жақсаруына және қалдықтарды қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыруға маңызды үлес қосады. Кәсіпорынның қызметі экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай жүзеге асырылып, тұрақты даму қағидаттарын ұстанады.

Ұқсас жаңалықтар

«КЕЛЕШЕК» БІРЫҢҒАЙ ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

admin

8 жылда Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 3 есеге өсіп, 5 трлн теңгеге жетті

admin

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

admin

Пікір жазу