Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

«Әділет» партиясы өңірлік филиалдар желісін құрып, мемлекеттік тіркеуден толықтай өткізді. Аумақтық бөлімшелер еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында құрылды.
Келесі кезең – филиалдардың басқару органдарын жасақтау: төрағалар мен басшылық органдарды сайлау, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарын құру.
Аумақтық желіні қалыптастыру – партияның ұйымдастырушылық құрылымын дамытудың маңызды кезеңі. Бұл қадам азаматтармен тікелей байланыс орнатуға және партия бастамаларын жергілікті деңгейде дамытуға мүмкіндік береді.
Еске салсақ, өңірлік филиалдарды құру туралы шешім «Әділет» партиясының ІІ съезінде қабылданып, тиісті Ережемен бекітілген болатын. Құжатта партияның өңірлік құрылымдарының құқықтық мәртебесі, жұмыс тәртібі, басқару және ішкі бақылау жүйесі айқындалған.
«Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден 2026 жылғы 1 маусымда өтті.
Партияның қызметі туралы қосымша жаңалықтарды ресми Telegram-арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy

press@adilet-partiyasy.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алатауды ресми түрде бірегей құқықтық мәртебесі бар «қарқынды дамитын қала» деп атауға болады»

admin

2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері

admin

PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

admin

Пікір жазу