Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Арыс ауданында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Арыс ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кездесу өткізілді.

Іс-шараға жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтар қатысты.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың себептері мен оның алдын алу жолдары талқыланып, ата-аналар мен педагогтардың жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, қатысушыларға балаларды интернеттегі қауіптерден қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әлеуметтік ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында бірлескен іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.

Арыс ауданы прокуратурасы аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстарды одан әрі күшейтіп, тұрғындармен түсіндірме кездесулерін жалғастыруды жоспарлап отыр.

#Заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

Халықаралық олимпиадаларға Қазақстан атынан барған әрбір екінші қатысушы жүлделі орынмен оралды

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді

admin

АНАММЕН БІРГЕ ЖАСАЛҒАН ТАҢДАУ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ДЕГЕН СЕНІМ

admin

Пікір жазу