Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Спорт

Шымкентте көркем гимнастикадан жас чемпиондар анықталады 

Шымкент қаласында көркем гимнастикадан ҚР VI Жастар спорттық ойындары басталды. Төрт жылда бір өтетін спорттық бәсеке 26 ақпан мен 1 наурыз аралығына жоспарланған. Кеше жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Көркем гимнастикадан Жастар ойындарына еліміздің барлық өңірлерінен және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, жалпы 300-ден астам спортшы қатысады. Жарыс жекелей және топтық жаттығу бойынша үш жас ерекшелігі аясында өтеді. Шымкент қаласынан жауапты сайыста жалпы 25 спортшы бақ сынап жатыр.

VI Жастар спорттық ойындары – жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашатын маңызды жарыс. Сондай-ақ, осы жарыста алдағы республикалық және халықаралық турнирлерге қатысатын ел үздіктері анықталады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

admin

Келес ауданында көкпардан жастар арасында облыс чемпионаты басталды 

admin

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

Пікір жазу