Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН ҮШ ҚАБАТТЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ БҰЗЫЛДЫ

Шымкент қаласында заңсыз салынған үш қабатты құрылыс нысаны сот шешімі негізінде мәжбүрлі түрде бұзылды. Бүгін ортақ пайдалануға арналған аумақтан заңсыз бөлініп берілген жалпы көлемі 1 гектарға жуық жер телімінде орналасқан ғимаратты сүру жұмыстары жүргізілді. Аталған аумақта жүргізілген заңсыз әрекеттерге байланысты тиісті мемлекеттік бақылау органдары тарапынан тексеру жұмыстары басталып, құқықтық баға берілді.

Бұған дейін Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан «REAL PACK» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізілген болатын. Тексеру нәтижесінде, «Қиял әлемі» саябағына іргелес аумақта орналасқан ғимараттың заңсыз салынғаны белгілі болды. Атап айтқанда, бастапқыда тек әжетхана құрылысына берілген, жалпы көлемі 0,9326 гектарды құрайтын жер учаскесі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормаларына қайшы түрде рәсімделгені анықталды.

Сонымен қатар, жер учаскесінің мақсатты пайдаланылу түрі мен құрылыс салу шарттары ескерілместен, сол аумақта үш қабатты ірі құрылыс жүргізілген. Құжатсыз және рұқсатсыз бой көтерген нысан қаланың сәулеттік келбетіне, қауіпсіздік талаптарына және қала құрылысы нормаларына да қайшы келген.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша басқарма тарапынан әкімшілік шаралар қолданылып, «REAL PACK» ЖШС-не айыппұл салынды. Сонымен қатар, қалалық сот шешімімен заңсыз салынған нысанды бұзу жөнінде шешім шығарылып, бүгін аталған сот шешімі нақты түрде орындалды. Құрылыс аумағында қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, арнайы техника мен мамандандырылған қызметтер жұмылдырылды.

Бұл жағдай қала аумағында жер пайдалану және құрылыс салу тәртібін бұзуға жол берілмейтінін көрсетеді. Шымкент қаласының әкімдігі мен тиісті бақылаушы органдар алдағы уақытта да мұндай фактілердің алдын алу, рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын болдырмау және заңдылықты сақтау бағытында жұмыстарын жалғастыра беретін болады.

Қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілеріне қала аумағындағы кез келген құрылыс жұмыстары тек заң шеңберінде және бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс екені ескертіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

admin

Шымкентте Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ісшара өтті 

admin

Шымкент қаласында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда

admin

Пікір жазу