Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БЕЛГІЛІ САЗГЕР БЕКЖІГІТ СЕРДӘЛІ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Түркістан қаласындағы 102 референдум учаскесінде Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, белгілі сазгер әрі ғалым Бекжігіт Сердәлі республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.

Белгілі өнер иесі ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын кезеңде әрбір азаматтың белсенді болуы маңызды екенін атап өтті.

Бұл – еліміздің болашағы үшін маңызды саяси науқан. Сондықтан әрбір азамат өз азаматтық ұстанымын білдіріп, ел тағдырына бейжай қарамауы тиіс. Мен де өз таңдауымды жасап, азаматтық борышымды орындадым, – деді Бекжігіт Сердәлі.

Айта кетейік, 15 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ден бастап Түркістан облысы аумағында 947 референдум учаскесі жұмысын бастады. Өңірде 1 187 257 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл облыс халқының 55,4 пайызын құрайды.

Қазіргі уақытта облыс бойынша референдум учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп, тұрғындар белсенді түрде дауыс беріп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Идет отбор призывников на срочную воинскую службу в ряды Службы государственной охраны РК

admin

Запрет на скрытое лицо: новый закон о безопасности

admin

«ӘЙЕЛ. ҚҰҚЫҚ. ҚОРҒАНЫС»: НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК КУРСЫ БАСТАЛДЫ

admin

Пікір жазу