Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ҚоғамМәдениетСаясат

АСТАНАДА РЕСЕЙ ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астана қаласында Ресей өнер шеберлерінің қатысуымен ауқымды гала-концерт ұйымдастырылды. Аталған іс-шара мәдени бағдарламаның басты оқиғаларының бірі ретінде өтті.

Салтанатты кешке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері мен шығармашылық зиялы қауым қатысты.

Гала-концерт бағдарламасы көрермендерге жан-жақты мазмұндағы өнер туындыларын ұсынды. Сахна төрінде халықаралық және бүкілресейлік байқаулардың лауреаты Софья Онопченко, башқұрттың «Ay Yola» фолк-тобы, «Саха (Якутия) Республикасының мәдениет саласының үздігі» атағының иегері Олена Уутай және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті. Кеш барысында әртүрлі халықтардың музыкалық мұралары, соның ішінде қалмақ және бурят халық әндері шырқалды.

Сонымен қатар, Мәскеу мемлекеттік академиялық «Гжель» би театры, Дағыстанның еңбек сіңірген академиялық «Лезгинка» би ансамблі және Қалмақия мемлекеттік «Ойраты» би театрының қойылымдары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Жалпы, Қазақстандағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған мазмұнды іс-шараларды қамтиды. Аталған бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Мәдени дәстүрлерді біріктіру және заманауи шығармашылық тәжірибелер: Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда жаңа бірлескен жобалар талқыланды.

Сондай-ақ, елордада Ресей киносы фестивалі басталып, оның көрсетілімдері 26 сәуірге дейін жалғасуда.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей Федерациясында Қазақстанның мәдениет күндері жоғары деңгейде өткен болатын. Іс-шаралар аясында көрермендер Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің қорынан ұсынылған «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесімен танысып, Қазақстан киносы күндеріне қатысып, сондай-ақ «Парасат майданы» спектаклін тамашалады. Бағдарлама Мәскеу қаласындағы Үлкен театрда өткен қазақстандық өнерпаздардың гала-концертімен қорытындыланған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Заң және тәртіп – азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық тұрақтылық кепілі

admin

Мемлекет басшысы Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі

admin

АШЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

admin

Пікір жазу