Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Мәдениет

Соңғы бір жылда 41 мыңнан астам адамды ит қапқан

Елімізде қаңғыбас иттер мәселесі қайта ушықты. Ресми дерекке сәйкес, соңғы бір жылда 41 мыңнан астам адамды ит қапқан, оның 23 мыңы – бұралқы иттердің шабуылынан зардап шеккен.

Депутаттар қазіргі тәсілдердің тиімсіз екенін айтып, иесіз иттердің саны артқанын алға тартты. Жаңа заң жобасында иесі табылмаған жануарларды 5 күннен кейін эвтаназиялау ұсынылған. Алайда жануарларды қорғаушылар бұған қарсы.

Сарапшылар мәселені шешудің бір жолы ретінде міндетті чиптеуді ұсынады. Ал депутаттар қаңғыбас жануарларға бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуын тексеруді талап етуде.

Ұқсас жаңалықтар

Райымбек Сейтметов театрында «Арба» монодрамасы көрерменге жол тартты

admin

Түркістанда «Сіз күткен көктем…» поэзия кеші өтті

admin

Әз Наурыз қарсаңында «Turkistan» ансамблінің алғашқы концерті өтеді 

admin

Пікір жазу