Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Қоғам

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді

Тақырып: Президент Alem.ai жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді.

Орталықта жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып, стартап-бастамалар мен түрлі қолданбалы шешімдерді енгізуге жағдай жасалған. Іске асырылып жатқан жобалар ЖИ технологияларын мемлекеттік секторда, бизнесте және күнделікті өмірде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Жалпы, аталған орталық Қазақстанды технологиялық, заманауи әрі бәсекеге қабілетті елге айналдыруға бағытталған стратегиялық міндеттерді іске асыру мақсатында құрылған.

Президент орталықты аралау барысында Astana Smart City жобасының іске қосылуына куә болды. Бұл жоба интеллектуалды қала инфрақұрылымының жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Сонымен қатар, Томас Прамотедхам қала жүйелері мен деректерді нақты уақыт режимінде біріктіретін бірыңғай AI-платформаны таныстырды. Аталған шешім қаланы басқару тиімділігін арттыруға және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Баланы еңбекке баулудың маңызы зор

admin

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ЭКЗИТ-ПОЛЛ НӘТИЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

admin

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды

admin

Пікір жазу