Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

Жанармай нарығындағы баға қалыптастыру мәселелері талқыланды

KAZENERGY қауымдастығы алаңында жанар-жағармай нарығындағы баға қалыптастырудың өзекті мәселелері мен алдағы даму бағыттарына арналған кездесу өтті.

Іс-шараға сарапшылар, салалық қауымдастықтар, нарықтың түрлі сегменттерінің өкілдері, ҚазМұнайГаз ҰК АҚ, сондай-ақ мемлекеттік органдар қатысты.

Талқылау барысында негізгі назар АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын реттеу мәселелеріне аударылды. Қатысушылардың пікірінше, қолданыстағы баға шектеулері өндірістік, логистикалық және операциялық шығындардың өсуімен қатар нарық субъектілеріне қосымша жүктеме түсіріп отыр.

Сарапшылар бұл факторлар жалпы саланың тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтіп, нарықты теңгерімді дамыту үшін тиімді шешімдер қабылдау қажеттігін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

НӨЛДІК ТӨЗІМДІЛІК: ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ ҚОҒАМ МӘДЕНИЕТІ МЕН ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

admin

БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫ: МЕКТЕПТЕР МЕН КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ АРҚЫЛЫ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді

admin

Пікір жазу