Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

И​нтернет-алаяқтықтан сақ болыңыз!

Соңғы уақытта интернет-алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Алаяқтар өздерін банк, құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекемелер немесе байланыс операторларының қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін.
Өзіңізді және қаржыңызды қорғау үшін мына ережелерді есте сақтаңыз:
🔹 ЖСН-іңізді, банк картасының деректерін, CVV-кодын және SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге айтпаңыз.
🔹 Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, бейтаныс адамдардың айтуымен қосымшалар орнатпаңыз.
🔹 Телефон арқылы берілген нұсқаумен ақша аудармаңыз.
🔹 Банк карталарыңыз бен шоттарыңызды үшінші тұлғалардың пайдалануына бермеңіз.
🔹 Кез келген ақпараттың дұрыстығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз.
🔹 Есіңізде болсын: мемлекеттік органдар мен банктердің қызметкерлері ешқашан телефон арқылы жеке мәліметтерді, құпиясөздерді немесе растау кодтарын сұрамайды.
📞 Егер күмәнді қоңырау шалынса, әңгімені бірден тоқтатып, өзіңізге қызмет көрсететін банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Сақтық – алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы!

Ұқсас жаңалықтар

ХАБАРЛАМА (Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы)

admin

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

admin

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

admin

Пікір жазу