Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

​Түркістан облысында бейнебақылау камералары арқылы мыңдаған құқық бұзушылықтардың жолы кесілді

Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында Жедел басқару орталығының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен бейнебақылау камералары арқылы Сайрам ауданы көшелерінің бірінде Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жүргіншіге жол бермегені анықталды. Аталған құқық бұзушылық бойынша әкімшілік шара көрілді. Қазіргі таңда аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 116 бейнебақылау камерасы мен 8 жылдамдық өлшегіш камерасы жұмыс істейді. Олардың көмегімен бір тәулік ішінде 30-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Жыл басынан бері Жедел басқару орталығы арқылы мыңдаған құқық бұзушылық тіркеліп, заң аясында тиісті шаралар қабылданды. Заманауи цифрлық технологияларды пайдалану қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға өз үлесін қосуда. Полиция қызметкерлері азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРЫП, ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

admin

Алматыда 3-9 наурыз аралығында «Таза Қазақстанның» алғашқы аптасы өтеді

admin

admin

Пікір жазу