Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

​Түркістан облысында бала құқығын қорғау бағытында профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Түркістан облысында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар күшейтілді. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған қолайсыз отбасылар мен есепте тұрған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің тұрғылықты мекенжайларына тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, балалардың құқықтарының сақталуы, олардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар ата-аналармен және заңды өкілдермен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ балалардың қараусыз және бақылаусыз қалуына жол бермеу мәселелері бойынша кеңестер айтылды.
Түркістан облысы Полиция департаменті балалардың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ міндеті екенін еске салып, тұрғындарды кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда «Digital Nauryz» жобасының қорытындылары жарияланды

admin

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, АҚЫН АЙДАР СЕЙДАЗЫМ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

admin

ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ШЕКСІЗ ӘЛЕМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШІ ӨТТІ

admin

Пікір жазу