Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

​Түркістанда полицейлер есепке алынған жанұяларды тексеріп, профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда

Түркістан қаласы аумағында отбасы институтын нығайту, әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторлары, ювеналды полиция қызметкерлері мен аумақтық учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, профилактикалық есепке алынған 250-ден астам жанұяны тексерді.
Тексеру кезінде балалардың тұрмыс-тіршілігі, тәрбиелену жағдайы және құқықтарының сақталуы зерделенді. Сонымен қатар ата-аналар мен заңды өкілдерге әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полицейлер тұрғындарға құқықтық кеңестер беріп, отбасындағы қолайлы психологиялық ахуалды сақтау, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі және отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығын түсіндірді.
Мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК

Ұқсас жаңалықтар

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

admin

Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру тиімділігін арттыру үшін өлшемді көрсеткіштер қажет екенін еске салды

admin

Пікір жазу