Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында бала құқығын қорғау бағытында профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Түркістан облысында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар күшейтілді.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған қолайсыз отбасылар мен есепте тұрған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің тұрғылықты мекенжайларына тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, балалардың құқықтарының сақталуы, олардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар ата-аналармен және заңды өкілдермен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ балалардың қараусыз және бақылаусыз қалуына жол бермеу мәселелері бойынша кеңестер айтылды.
Түркістан облысы Полиция департаменті балалардың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ міндеті екенін еске салып, тұрғындарды кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК

Ұқсас жаңалықтар

Домбыра, жыр және цифрлық технологиялар: Астанада «Асыл мұра» ауқымды концерті өтеді

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» БАЙҚАУЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

admin

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin

Пікір жазу