Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ: МЕМЛЕКЕТТІЛІК ПЕН ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ДАМУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ

Жаңа Конституция жобасының алғашқы баптары мемлекеттіліктің өзегін айқындайтын стратегиялық нормаларға негізделген. Құжаттың мазмұны саяси жүйенің тұрақтылығын сақтай отырып, елдің ұзақмерзімді дамуына құқықтық тірек қалыптастыруды көздейтінін аңғартады.
Ең алдымен, 1–2 баптарда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі болмысы нақты бекітіліп, унитарлық құрылым мен президенттік басқару үлгісінің өзгермейтіні көрсетілген. Бұл – басқару сабақтастығын қамтамасыз етіп, саяси белгісіздікке жол бермейтін маңызды қағида.
3-бапта адам капиталы, білім, ғылым және инновация стратегиялық басымдық ретінде танылған. Конституция деңгейінде мұндай бағыттың белгіленуі экономикалық дамудың сапалы жаңа моделіне көшудің құқықтық алғышарты болмақ. Яғни, бұл норма декларативті сипаттан гөрі болашақ мемлекеттік саясаттың нақты бағдарын айқындайды.
5-баптағы құқық үстемдігі мен заңның кері күшінің болмауы қағидаттарының айқын жазылуы құқықтық мемлекет стандарттарына сәйкестікті күшейтеді. Әсіресе, жауаптылықты жеңілдететін заңның кері күшінің танылуы – әділеттілік принципінің көрінісі.
Сонымен қатар, «қарқынды дамитын қала» немесе қаржы секторына арналған арнаулы құқықтық режим енгізу мүмкіндігі экономикалық эксперименттерге жол ашып, жаһандық бәсекеге бейімделудің тиімді тетігіне айналуы ықтимал.
Тұтастай алғанда, жаңа Конституция жобасы мемлекеттік тұтастықты нығайтуға, институционалдық тұрақтылықты бекітуге және ел дамуының ұзақмерзімді бағытын айқындауға арналған жүйелі құжат ретінде бағалануы мүмкін

Ұқсас жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

admin

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖОБА: САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ «ҚАЙТА ЖҮКТЕЛУІ» МЕ, ӘЛДЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ МА?

admin

Алматы халықаралық әуежайында жолаушыларға арналған акция өтеді

admin

Пікір жазу