Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Суды үнемдеу – ортақ міндет

Су – тіршіліктің қайнар көзі, табиғаттың баға жетпес байлығы. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану және оны үнемдеу – әрбір азаматтың маңызды міндеті.

Күнделікті тұрмыста суды ұқыпты пайдалану арқылы оның ысырап болуын азайтуға болады. Атап айтқанда, кранды босқа ағызбау, ақаулы су құбырларын дер кезінде жөндеу, суды тек қажетті мөлшерде пайдалану және үнемдеуші технологияларды қолдану – су қорын сақтаудың тиімді жолдары.

Су ресурстарын қорғау қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және келер ұрпақты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Суды үнемдеу – тек экономикалық қажеттілік қана емес, табиғатқа деген жауапкершіліктің көрінісі. Сондықтан әрбіріміз судың қадірін біліп, оны ұқыпты пайдалануға атсалысайық.

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібас ауданында жеңіс күніне орай ұлттық ойындар ұйымдастырылды

admin

Глава государства провел встречу с Президентом Таджикистана Эмомали Рахмоном

admin

В партии «Әділет» обсудили, как сократить разрыв между городом и селом

admin

Пікір жазу