Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан қаласында жекеленген-жаттықтыру оқу-жаттығуын өткізу туралы

2026 жылғы 8 маусымда Түркістан қаласы Б.Саттарханов көшесі №25 мекен-жайында орналасқан «Khanshaiym Plaza» сауда, ойын-сауық кешенінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабымен, жекеленген-жаттықтыру оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығу шаралары барысында террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
Осыған байланысты азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын бұлжытпай орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді сұраймыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Түркістан облыстық жедел штабы

Ұқсас жаңалықтар

«Enbek.kz» порталы мен жазатайым оқиғалардан сақтандырудың маңыздылығы

admin

Ақордада Чехия премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті

admin

ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

admin

Пікір жазу