Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түркістанда өмірге құштар жандардың республикалық спорт ойындары басталды

Бүгін Түркістанда ағза ауыстыру отасын өткерген және гемодиализ қабылдап жүрген жандар арасында республикалық спорт ойындарының алауы жағылды.

Биылғы додаға еліміздің 9 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қаласынан 110-нан астам қатысушы жиналды. Бес күн бойы спортшылар жүзу, волейбол, үстел теннисі және дартс бойынша бақ сынайды.

«Өмір – ең қымбат қазына» ұранымен өтетін жарыс донорлық мәдениетін дәріптеп, трансплантациядан кейін де толыққанды өмір сүруге болатынын көрсетуді мақсат етеді.

Қатысушылардың басым бөлігі ем-домын үзбей жалғастырып жүрген жандар. Соған қарамастан олар өмірге деген құштарлықтың, қайсарлық пен жігердің үлгісін көрсетіп келеді.

Түркістанның таңдалуы да тегін емес. Руханияттың ордасы саналатын киелі мекен бүгінде ауыр дертті жеңіп, жаңа өмірге қадам басқан жандардың басын қосып отыр.

Жарыстың басты мұраты – қоғам назарын донорлықтың маңызына аудару және ағза ауыстыруды күтіп жүрген жандарға қолдау білдіру. Сонымен қатар жарыс қорытындысы бойынша алдағы Дүниежүзілік трансплантация ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады.

Қазіргі таңда елімізде ағза ауыстыру кезегінде 4 739 адам тұр. Оның 125-і – балалар. Сондықтан донорлық мәдениетін дамыту – мыңдаған адамға үміт сыйлайтын маңызды іс.

Жарысты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігі және Түркістан облысының әкімдігі, Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ұйымдастыруда.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстанские школы тестируют ИИ на практике: что меняет платформа WONK

admin

Оқушылар полиция ғимаратына экскурсия жасады

admin

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҮНДЕУІ

admin

Пікір жазу